|
作词 : Ақжол Түменбай |
|
作曲 : Үкітай Ерниязов |
|
Менің әкем жастықтай жалын әнім. |
|
Менің анам жимаған жанына мұң. |
|
Жоқшылықтың майданын кешіп жүріп. |
|
Тоқшылықтың көтерген шаңырағын. |
|
Біреуде байлық көп те, бала жалғыз. |
|
Бәріміз мейірбанбыз, балажанбыз. |
|
Барында ата-анаңның алғысын ал, |
|
Адамда әке жалғыз,ана жалғыз. |
|
Менің әкем асқар тау, баталы адам. |
|
Менің анам ол менің Отан анам. |
|
Тіршіліктің бастауы Жаратқаннан. |
|
Құлшылықтың бастауы ата-анадан. |
|
Біреуде байлық көп те, бала жалғыз. |
|
Бәріміз мейірбанбыз, балажанбыз. |
|
Барында ата-анаңның алғысын ал, |
|
Адамда әке жалғыз,ана жалғыз. |
|
Сағыныштан кей-кейде сана жүдеп. |
|
Құлын күнін аңсайды бала жүрек. |
|
Адам бол деп айтады әкем ақыл. |
|
Аман бол деп тілейді ана жүрек. |
|
Біреуде байлық көп те, бала жалғыз. |
|
Бәріміз мейірбанбыз, балажанбыз. |
|
Барында ата-анаңның алғысын ал, |
|
Адамда әке жалғыз,ана жалғыз. |